Ата заңға енгізілетін өзгерістерді қолдаймыз
18.05.2022«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастауыш кәсіподақ ұйымы мүшелерімен кездесті.
Кездесуге департаменттің 50 қызметкері, департамент басшысының орынбасарлары Ережепова Жанар Түгелбайқызы, Жанабаева Меруерт Болатқызы және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Копжасарова Жанара Ратбекқызы қатысты.
Жиында филиал төрағасы С.Әуесханов «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен таныстырып, Президент өкілеттіктерін шамадан тыс шоғырландырудан бас тарту, Парламентті күшейту, Саяси партияларды тіркеу рәсімін оңайлату, Сайлау процессін жаңғырту, Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдары, Азаматтардың іргелі құқықтарын қорғау, Конституциялық сот, Сот және құқық қорғау жүйелерін жетілдіру, Азаматтық қоғам институттары мен БАҚ рөлін күшейту, Жерге иелік ету, Тұңғыш Президент мәртебесі бойынша саяси реформалардың ерекшеліктері мен бағыттары бойынша және саяси жүйені терең демократияландыру, суперпрезиденттік басқару формасынан мықты Парламенті бар президенттік республикаға түпкілікті көшу, президенттік өкілеттіктерді шектеу, Парламенттің қос Палатасының қызметін қайта форматтау және Мәжілістің рөлін күшейту, Конституциялық Сот құру бағытында мемлекеттік билік тармақтарының тежемелілігі мен тепе-теңдігі жүйесін одан әрі жетілдіру, сайлау жүйесін демократияландыру – аралас пропорционалды-мажоритарлық модельге көшу және партияларды тіркеу процесін одан әрі ырықтандыру, мәслихаттардың рөлін, олардың субъективтілігі мен дербестігін арттыру бойынша елдің саяси жүйесін қайта іске қосудың негізгі бағыттарын атап өтіп, ҚР Конституциясының 31 бабына түзету және 2 жаңа баппен толықтыру енгізу жөнінде терең түсіндірме беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Жиын соңында департамент басшысының орынбасары Ж. Ережепова республикалық референдумның өтуіне қолдау білдіре отырып, қатысушыларды дұрыс таңдау жасап, оған дауыс беруге қатысуға шақырды.