Ата заңға өзгеріс енгізу уақыт талабы

Ата заңға өзгеріс енгізу уақыт талабы

17.05.2022 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы ММ-сі бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесті.

 Кездесуге басқарманың 30 қызметкері, Еңбекші ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Қадыржан Панбаев  және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қарабаев Жарқын қатысты. 

Жиында филиал төрағасы С.Әуесханов «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен таныстырып, Президент өкілеттіктерін шамадан тыс шоғырландырудан бас тарту, Парламентті күшейту, Саяси партияларды тіркеу рәсімін оңайлату, Сайлау процессін жаңғырту, Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдары, Азаматтардың іргелі құқықтарын қорғау,  Конституциялық сот, Сот және құқық қорғау жүйелерін жетілдіру,  Азаматтық қоғам институттары мен БАҚ рөлін күшейту, Жерге иелік ету,  Тұңғыш Президент мәртебесі бойынша саяси реформалардың ерекшеліктері мен бағыттары бойынша ҚР Конституциясының 31 бабына түзету және 2 жаңа баппен толықтыру енгізу жөнінде терең түсіндірме беріп,  қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Жиын соңында басқармасы басшысының орынбасары Қ.Панбаев республикалық референдумның өтуіне қолдау білдіріп, басқарма қызметкерлерін дұрыс таңдау жасап, оған дауыс беруге қатысуға шақырды.