Конституциялық реформаны түсіндіру бойынша өткен кездесу

Конституциялық реформаны түсіндіру бойынша өткен кездесу

16.05.2022 Off By Администрация сайта

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы салалық кәсіподақ құрамындағы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесуге мекеменің 20 қызметкері, басшысы Ешенқұлов Нұрғали Илгербайұлы, кәсіподақ төрайымы Әсетова Әсел Әсетқызы қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша ҚР Конституциясының 31 бабына түзету және 2 жаңа баппен толықтыру енгізу туралы филиал төрағасы С.Әуесханов ақпараттық-түсіндірме беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен бірге 5 маусым күні өткізілгелі отырған республикалық референдумға белсенді қатысып, дауыс беруге шақырды.
Мекеме басшысы Н.Ешенқұлов қорытынды сөз сөйлеп, ата заңға енгізілгелі отырған өзгерістер мен толықтырулардың өзектілігіне тоқталып, республикалық референдум өтетін күні барлық ұжым мүшелері бір кісідей атсалысып, дауыс беруге қатысатынына сенім білдірді.