Елордалық «Қызмет»кәсіподақ командасына қош келдіңіздер!

Елордалық «Қызмет»кәсіподақ командасына қош келдіңіздер!

26.04.2022 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы ҚР Президенті Іс Басқармасының «ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің Әкімшілік ғимараттары дирекциясы» ШЖҚ РМК-да құрылған жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымымен толықтырылды.

Айта кету керек, кәсіподақ идеялары еңбек ұжымдарында сұранысқа ие. Оның тағы бір дәлелі ҚР ПІБ «ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» ШЖҚ РМК бастауыш кәсіподақ ұйымын құру болды.

Кездесу барысында ұжым кәсіподақ ұйымын құру туралы ұсынысты қуана қабылдады. Бірінші ұйымдастыру жиналысында бастауыш кәсіподақ ұйымын құру жөнінде және 201 адамнан тұратын Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалға мүшелік ұйыммен кіруге шешім қабылданды.

«БОЛАШАҚ» деп аталған бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып ҚР ПІБ «ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы» ШЖҚ РМК №4 корпусы «Министрліктер Үйі» ғимаратының шаруашылық қызметінің басшысы Қайрат Тұрсынбекұлы Түсіпбаев бірауыздан сайланды.

Сондай-ақ жиын барысында «Қызмет»  кәсіподақ ұйымының төрағасы Мирболат Жақыпов құрылған «БОЛАШАҚ» бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасына Қ.Түсіпбаевқа «Мемлекеттік қызмет кәсіподақ үздігі » белгісін табыс етті.

«Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің Әкімшілігінің Әкімшілік ғимараттар дирекциясы» ШЖҚ РМК 1997 жылдың қазан айында құрылды.

Негізгі қызмет саласына Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің қызметтік ғимараттарын пайдалану мен күтіп ұстау және жабдықтау функцияларын орындау кіреді.

Ұйымның миссиясы –  елдің әл-ауқатын айқындайтын жоғары мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуі үшін сапалы жағдайларды қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттің имиджін сақтау болып табылады.

Филиалдың Атқару комитеті төрағаны сайлануымен құттықтап, кәсіподақ мүшелері мен кәсіподақ белсенділерінің игілігі үшін ұйым жұмысына жеміс тілейді.

Сондай-ақ филиалдың Атқару комитеті кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа сенім білдіреді.