Этномәдени бірлестіктер аккредиттеуден өткізілді
22.04.2022Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің 2018 жылғы 20 қарашадағы шешімімен Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерін қоғамдық аккредиттеудің ережесі бекітіліп, 2021 жылғы 22 қарашада қайта жаңартылды.
Осы ережеге сәйкес Шымкент қаласы бойынша республикалық этномәдени бірлестіктердің филиалдары мен жергілікті этномәдени бірлестіктер қоғамдық аккредиттеуден өтуде. Ол бойынша Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің шешімімен Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерін қоғамдық аккредиттеу жөніндегі комиссия құрамы бекітілген. Ол комиссияда «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы мүше.
Қазіргі таңда Шымкент қаласында жалпы саны 17 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Бұған дейін олардың 13-і аккредиттеуден өткізілген болатын.
Осы бағытта ағымдағы жылдың 20 сәуірінде Шымкент қаласының этномәдени бірлестіктерін қоғамдық аккредиттеу жөніндегі комиссия отырысы өтті. Оған комиссия мүшесі ретінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесханов қатысты.
Күн тәртібінде әзірбайжан, татар-башқұрт этномәдени бірлестіктерінің өтініштері қаралып, олар комиссия шешімімен аккредиттеуден өткізілді.