Кеңестердің бірлескен отырысы өтті
22.04.20222022 жылғы 21 сәуір күні «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанынан құрылған «Аймақты дамыту өңірлік кеңесі» мен «Экологиялық қоғамдық кеңесінің» бірлескен отырысы өтті.
Оған Аймақты дамыту өңірлік кеңесінің мүшесі ретінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Ильясов Ғалымжан Молдабайұлы «Дендрологиялық саябақты дамыту жұмыстары мен жобалары және проблемалық мәселелері бойынша баяндама жасады.
Сонымен бірге отырыста кеңес мүшелері С.Әуесханов, Б.Тулегенов пен Ж.Тұрғанов жұмыскерлер мен қызметкердің айлық жалақысының төмен екендігін, олардың еңбегіне лайықты жалақы төлеу және болашақта ғылыми дәрежесін көтеру арқылы ғалымдарды жұмысқа тарту уақыт талабы екендігін айтып, кеңес отырысы қала әкімдігіне ұсыныс жолдау бойынша шешім қабылдады.