ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
13.04.2022Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының 2020-2025 жылдарға арналған «Әділеттілік пен дамуға – бірлікте» стратегиясын және әлеуметтік әріптестік жылын іске асыру шеңберінде «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Қапенов пен Баянауыл ұлттық табиғи саябағы мен «Черноярская жемчужина» санаторий-интернатында «Ел қоныс» отбасылық демалыс клубының негізін қалаушы Сәуле Смағұлова өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Меморандум «Қызмет» кәсіподағының бастауыш ұйымдары мүшелерінің сауығуы, толыққанды демалуы аясында өзара тиімді ынтымақтастыққа бағытталған.
Меморандумға келісім бойынша кәсіподақ мүшелеріне «Черноярская Жемчужина» санаторий-пансионатында 10% жеңілдік қарастырылған. Жалпы сауықтыру пакетіне мыналар кіреді: 2 төсектік бөлмелерде тұру, күніне 5 мезгіл тамақ, галокамера (тұз шахтасы), пант моншасы, небулайзер қондырғысы-панталы бөшке, аппараттық-қолмен массаж, физиопроцедуралар, фитошай/оттегі коктейлі, ЕДШ, скандинавиялық жүріс кіреді.
Кәсіподақ мүшелерін сауықтыру – «Қызмет» кәсіподақ филиалының басым бағыттарының бірі.