Қазақстан Республикасы мемлекеттік Қызмет істері Агенттігінің Шымкент қаласындағы әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті
28.03.2022ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласындағы Департаментінде Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырысқа кеңес мүшесі, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов қатысты.
Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысында Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған тәртіптік ісі қаралды.
Отырыс барысында Кеңес мүшелерімен күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тәртіптік іс материалдары қаралып, зерделенді және лауазымды қызметшілердің түсініктері тыңдалды.
Сонымен бірге, Кеңестің отырысында Шымкент қаласы әкімінің аппараты, Еңбекші аудан әкімі аппараты және Білім басқармасы басшылықтарының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмысының қорытындылары тыңдалды.
Кеңес қорытындысымен, қаралған мәселелер бойынша анықталған бұзушылықтардың басқа да мемлекеттік органдарда қайталануына жол бермеу мақсатында Кеңеспен алдын алуға бағытталған тиісті ұсынымдар енгізілді.