Наурыз мейрамы-көктемгі жаңару мерекесі!

Наурыз мейрамы-көктемгі жаңару мерекесі!

17.03.2022 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының төрағасы Атақозы Нұрланов «Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы» ММ мерекелік іс-шарасына қатысты.

Іс-шара Наурыз мейрамына орайластырылып, конкурс форматында өткізілді. Оған басқарманың барлық бөлімшелерінің қызметкерлерінен құралған 6 команда өз нөмірлерін ұсынды.

Байқау бағдарламасына бірнеше кезеңдер енгізілді. Осылайша қатысушылар қазылар алқасының мүшелеріне үй тапсырмасын ұсынды. Алдын ала әрбір топқа қазақ салт-дәстүріне байланысты қойылымдарды дайындау тапсырмасы берілді. Командалар қалыңдыққа үйлену тойына  дейін жасалатын  «Сырға салу – салт-дәстүрін, «Айтыс», «Баланы қырқынан шығару» және т.б. салт-жораларды дайындады.

Екінші кезеңде командалар «Салт-дәстүрлер» викторинасының сұрақтарына жауап берді.

Айта кетерлігі, қатысушылар байқауға тыңғылықты дайындалып, шығармашылық және музыкалық қабілеттерін көрсетті. Әлеуметтік қызметкерлер өте шығармашыл, жарқын және дарынды болып шықты. Мерекелік іс-шара қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпына тағзым ете отырып, жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті.

Наурыз-мейрамы – табиғат пен адам арасындағы келісім мерекесі, жаңа жылдың басталуын білдіреді, еліміздің барлық тұрғындары үшін бұл мереке көктемгі жаңарудың, махаббаттың, құнарлылық пен достықтың салтанат құруының символы болып табылады.

Шара соңында қазылар алқасының мүшелері барлық командаларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етті.

Атақозы Нұрланов жеңімпаздарға «Қызмет» салалық кәсіподағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалы атынан   сертификаттар табыс етіп, қатысушыларға ұсынылған нөмірлер үшін алғысын білдірді.

«Әлеуметтік қызметкер мамандығы, ең алдымен, жоғары адамгершілікті, басқа біреудің мұңына жанашырлықпен қарай білуді, сондай-ақ әрбір нақты жағдайға үңіліп, қажетті әлеуметтік көмек түрлерін көрсетіп, жеке тұлғамен айналысуды талап етеді. Наурыз мерекесі қарсаңында барлық бастамаларыңызға табыс, мықты денсаулық және бақ-береке тілеймін», – деп атап өтті Атақозы Нұрланов.