Үшжақты комиссияның отырысы өтті
09.03.2022Шымкент қаласында «Әлеуметтік әріптестік жылы» аясында Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша (үш жақты) комиссияның отырысы өтті.
Комиссияның отырысына Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, Қазақстан Республикасы жұмыс берушілер Конфедерациясының өкілі Альберт Толщин, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов, салалық кәсіподақ филиалдарының төрағалары, басқарма басшылары, орынбасарлары, аудан әкімдерінің орынбасарлары, жұмыс берушілер мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
1) Жалақы көтеру бағытында атқарылған жұмыстар;
2) Кәсіпорындарда қордаланған жалақы қарыздары;
3) Шағын бизнес субъектілеріне түскен шағымдар;
4) Еңбек қауіпсіздігінің ағымдағы жағдайы және ағымдағы жылы орын алған өндірістік жазатайым оқиғалар;
5) Мәдениет саласының еңбек ұжымдарындағы ахуал.
Бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжановтың сөзінен кейін, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов сөз алып, Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының қарамағындағы «Су құбыры және кәріз басқармасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында жұмыскерлерге төленетін айлық жалақысының өте төмен екендігін және оны көтеру мәселелерін шешуді қажет ететіндігін айтты.
Ол бойынша комиссия төрағасының орынбасары М.Исахов мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына тиісті жұмыстар атқаруды тапсырды.