Әлеуметтік әріптестерге құрмет көрсетілді
07.03.2022Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы 2022 жылды «Әлеуметтік әріптестік жылы» деп жариялауына байланысты, бүгінде әлеуметтік әріптестермен тығыз байланыс орнатылып, қарқынды жұмыс жүріп жатыр.
Оны мекемелердегі ұжымдық шарт жасасу мониторингінен көруге болады. Ол мониторингті ҚР Еңбек кодексінің 156-бабына сәйкес Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы жүргізеді.
Басқарманың және салалық кәсіподақтардың қызметкерлері мекемелерде ұжымдық шарттар жасау, келісу комиссияларын және өндірістік кеңестерін құру жұмыстары бойынша тығыз байланыста және тұрақты түрде мекемелер мен кәсіпорындарда түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Нәтижесі бойынша, бүгінге Шымкент қаласында белсенді жұмыс жасап тұрған жалпы 3846 мекеменің 1660-да немесе 43,14%-де ұжымдық шарт жасалған. Алдыңғы жылдарға қарағанда едәуір алға жылжып жатқаны қуантады.
Оған «Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалы да өзіндік үлес қосып, жыл басында филиал құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдары бар 46 мекеменің бәрінде немесе 100%-де ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес ұжым мүшелерінің еңбек жағдайын жақсарту, қызметкерлерді әлеуметтік және зейнеткерлік қамсыздандыру, еңбек демалысына шығу, еңбекке ақы төлеу, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығын айқындау, салауаттылықты, қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру, денсаулық сақтауды жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, ұжым мүшелеріне әлеуметтік игіліктер жасау, ұйым жұмысының тұрақтылығын және тиімділігін қамтамасыз ету, басқа да құқықтық нормативтік актілерінің сақталуына қол жеткізу мақсатында жұмыс беруші мен жұмыскерлер атынан кәсіподақ арасында 5 жылға, яғни 2022–2026 жылдарға арналған әлеуметтік – еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық актілер – ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТАР қабылдап, оларды мемлекеттік еңбек инспекциясынан тексеруден өткізіп, қажетті жерлерін заң талаптарына сәйкестендіріп, қайта бекіттіріп, оны тіркеп, есепке алып, мониторингі жүргізілуде.
Оған Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының қызметкерлерінің, оның ішінде қызметкер әйел-қыздардың да үлесі мол.
Осыған байланысты «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы және Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қалжанов Бауыржан Ахметәліұлы «8 наурыз – халықаралық әйелдер күні» мерекесінің қарсаңында Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының еңбек ұжымындағы әйел-қыздарын құттықтап, жұмыскерлердің еңбек құқын қорғау және еңбек қатынастарын реттеу саласындағы еселі үлестері үшін, оларды «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Құрмет грамоталарымен» және «Алғыс хаттарымен» марапаттап, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының ер жігіттері дайындаған гүл шоқтары табысталды.
Атап айтқанда, филиалдың «Құрмет грамоталарымен»: Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бас маман-мемлекеттік еңбек инспекторы Рүстемова Ұлбике Бақтыбекқызы, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бас маманы Лесбаева Ұлжалғас Мұхаммеджанқызы, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының іс-қағаздар жүргізушісі Өтебаева Айгерім Досымханқызы, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының статистигі Күдебек Бағила Баймаханқызы, сондай-ақ филиалдың «Алғыс хаттарымен»: Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының архивариусы Баймбетова Айнұр Амангелдіқызы, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының қоғамдық қызметкері Қоңырбаева Перизат Сегізбайқызы, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының әдіскері Әлімхан Мейіршат Оразмұратқызы, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының аудармашысы Сұлтан Мадина Қожабекқызы, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының статистигі Мадалі Жаңылай Мубаракқызы марапатталды.