Ана – бақыт, ана – жыр

Ана – бақыт, ана – жыр

07.03.2022 Off By Администрация сайта

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесті.
Мекемеде 145 адам жұмыс жасаса, оның 101-і әйелдер немесе 70%-і.
Мекемеде жұмыс беруші мен жұмыскерлер атынан кәсіподақ арасында 5 жылға, яғни 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік – еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акті – ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ қабылданған.
Кездесудің жалғасы «8 наурыз – халықаралық әйелдер күні» мерекесіне арналған салтанатты іс-шарасының «Ана-бақыт, ана-жыр» атты концерттік бағдарламасына ұласты.
Концерттік бағдарлама қатысушылардың аналарға арнаған:
«Ана деген – бастау ұлылықтың,
Ана деген – рәмізі сұлулықтың.
Ана деген – бір жыр бар шырқалатын,
Асқақтатар биікке ұрпақ атын.» – деген өлең шумақтарымен басталып, «Анашым» әнімен ашылды.
«Ару – Ана өмірдің асылдары,
Жайнасын көңілімнің жасыл бағы.
Сендер үшін ән мен жыр шырқалуда,
Сендер үшін мереке шашулары», – деген өлең шумағынан кейін «Әжетайым», «Сенің анаң алтын» әндеріне жалғасты.
Көтеріңкі көңіл күйге жеткенде марапаттау және сыйлықтар тапсыру рәсіміне кезек берілді.
Орталықтың басшысы Серік Тұрниязов, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық фмлмалының төрағасы Серік Әуесханов және мекеменің кәсіподақ комитетінің төрағасы Асқар Үсенбаев құттықтау сөз сөйлеп, ұжым мүшелеріне наградалар мен сыйлықтарды және гүл шоқтарын табыстады.


Атап айтқанда, филиалдың «Құрмет грамотасымен»: Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аспазы Тұрабаева Азиза Берікбайқызы, мекеменің дезинфекторы Үсіпалиева Гүлайхан Рыстамбекқызы және «Алғыс хатпен»: мекеменің медбикесі Ахметова Ақбота Садырханқызы, мекеменің палаталық санитары Бегалиева Қалдығыз Балабекқызы, мекеменің әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Исабекова Балжан Ақманасқызы марапатталды.