Кәсіподақ көшбасшыларына лайықты құрмет көрсетілді

Кәсіподақ көшбасшыларына лайықты құрмет көрсетілді

05.03.2022 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағының Шымкент қалалық филиалында 46 мемекеменің бастауыш кәсіподақ ұйымдары және олардың құрамында 3000-нан аса адам кәсіподақ мүшелері бар.
Атап айтқанда, 5 қалалық, аудандық әкімдік, 10 қалалық департамент, 10 қалалық басқарма, 21 басқарма бағынысындағы және салалардағы мекемелер, сондай-ақ қалалық полиция департаментінің азаматтық қызметкерлерінен тұратын кәсіподақ ұйымы бар.
Бұл мекемелердегі кәсіподақ ұйымдарында жалпы 3028 жұмыскердің 1847-і әйелдер немесе ол 61,1% құрайды.
Сондай-ақ, 46 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағаларының ішінді әйел-қыздары немесе төрайымдары 28 адам немесе ол 61% құрайды.
Олардың ішінде, еңбек өтілі жоғары, еңбек қатынастары саласына және кәсіподақ қозғалысына белсенді үлес қосып жүрген 11 бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы және 2 филиалдың қызметкері «8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне» арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

Аталған іс-шарада «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы және Еңбекші аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қарабаев Жарқын әйел-қыздарды «8 наурыз – халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтап, оларға арнайы дайындалған сыйлықтар мен гүл шоқтары табысталды.
Атап айтқанда: «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрайымы Есебаева Кулдар Аралбекқызына, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының бас есепшісі Керімбекова Гүлжан Құралбайқызына, Шымкент қаласы әкімі аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Шаймерденова Гүлмира Әнуарбекқызына, Қаратау ауданы әкімі аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Бердибекова Гүлсина Рахымбайқызына, Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Алеева Рахима Самедқызына, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Әсембекова Раушан Әсілбекқызына, Қаратау ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Рамазанова Ляззат Ахметжанқызына, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Копжасарова Жанара Ратбекқызына, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасының орынбасары Байбулова Шолпан Ерназарқызына, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Әсетова Әсел Әсетқызына, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Молдабекова Гүлнұр Орынбасарқызына, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» «№5 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Балабекова Әсел Маратқызына, Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Байтулешова Камиля Ералықызына лайықты құрмет көрсетілді.