Кәсіподақ белсенділері марапатталды
05.03.2022«8 наурыз – халықаралық əйелдер күні» мерекесінің қарсаңында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының құрамындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарында, оның ішінде: Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасында, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Ақпараттық-коммуникациялық орталығы» КММ-де және Шымкент қаласының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-де мекеме басшылары белсенді кәсіподақ мүшелеріне «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының наградаларын табыстады.
Атап айтқанда, Филиалдың «Құрмет грамотасымен»: Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының тілдерді дамыту, ономастика және архивтер бөлімінің бас маманы Өтенова Гүлнар Тәжібайқызы, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Ақпараттық-коммуникациялық орталығы» КММ-нің ақпараттық бөлімінің маманы Бижанова Ғалиябану Төлегенқызы және филиалдың «Алғыс хатымен»: Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының коммуналдық мемлекеттік мекемелермен жұмыс жүргізу бөлімінің бас маманы Айтжанова Сауле Қуандыққызы, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Ақпараттық-коммуникациялық орталығы» КММ-нің бас есепшісі Тоқбергенова Жаухар Төлегенқызы, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Ақпараттық-коммуникациялық орталығы» КММ-нің әлеуметтік желілерге мониторинг бөлімінің маманы Тулаганова Айдана Зулипкаровна, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Ақпараттық-коммуникациялық орталығы» КММ-нің талдау және болжау бөлімінің маманы Сұлтан Ақерке Өскенбайқызы, Шымкент қаласының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің бухгалтер-экономисті Көпжасар Ғазиза Мұратқызы, Шымкент қаласының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің заңгері Құтын Ұлжан Оразханқызы марапатталды.