Ана – гүл, Ана – өмір шуағы
05.03.2022Адамзаттың нәзік жандарына арналған мереке табиғаттың оянуымен бірге келіп, ананың аялы алақанындай жүректерге жылулық ұялатады. Ана – тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы – ананы ардақтамайтын халық жоқ.
Әйел әрқашан халықтың ар-ожданы, ізгіліктің, нәзіктіктің және және дархан көңілдің көрінісі болып келді және болып қалмақ, бүгінгі мереке аналарға деген шынайы құрмет белгісі ретінде, Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» «№5 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-де 8-наурыз «Халықаралық əйелдер» мерекесіне арналған «Ана – гүл, Ана – өмір шуағы» атты мерекелік бағдарламада бүлдіршіндер балдай тілімен тақпақтар айтып, би билеп, əн шырқады.
Мерекелік іс-шарада «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы, мекеменің басшысы Салтаев Бекболат Амалбекұлы жүрек жарды тілектерін білдіріп, белсенді кәсіподақ мүшелерін марапаттады.
Атап айтқанда: филиалдың «Еңбек озаты» төс белгісі Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Аялы алақан» «№5 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің тәрбиешілері Симова Сауле Сатыбалдықызы және Аристанова Угилай Қаппарқызы, филиалдың «Құрмет грамотасы» аспазшы Қасымбекова Эльмира Абдужалилқызы, тәрбиеші Бектаева Ботагөз Сманалиқызы, тәрбиеші Бақаева Нуржамал Адилбекқызы, массаж медбикесі Елеусізова Айгерім Балтабайқызы, санитары Ахматчина Роза Қасымқызы марапатталды.