Өзгерісті өзіңнен баста!
25.02.20222022 жылдың 17-18 ақпанында Жастар саясаты бағдарламасын іске асыру мақсатында кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен Ақмола облысы Щучинск қаласында «Өзгерісті өзіңнен баста!» атты республикалық форумы өткізілді.
Іс шараға еліміздің 17 аумағынан 70-тен астам кәсіподақ өкілдері және Өскемен қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының маманы Ерғазыұлы Мейіржан қатысты.
Форумда «Қазақстан жастарының кадрлық потенциалын арттыру», «Маңызды әлеуметтік-еңбек мәселелерін шешуде жастардың орны» және «Жастарды тартудың нәтижелі үлгілері мен түрлерін дамыту», бағыттары бойынша мәселелер көтерілді.
Форумның жұмысын қорытындылай келе, ағымдағы жылға жоспарлар мен стратегиялар талқыланып, жұмыс істейтін жастар кәсіподағының мүшелері ұсыныстарын беріп, ол бірауызды шешіммен қабылданды.
Халықты жұмыспен қамту орталығынан осындай республикалық форумға қатысқан жас маман Ерғазыұлы Мейіржан алған тәжірибелері мен дағдыларын жұмыс барысында пайдаланып, жаңа белестерді бағындырады деп сенеміз.