Әлеуметтік әділеттілік – қоғамдағы әлеуметтік құндылықтардың бірі
25.02.2022Бүкіләлемдік әлеуметтік әділеттілік күніне орай “Қызмет” Салалық кәсіподағының Жезқазған аймақтық филиалының төрайымы Кожабаева Раушан және әлеуметтік әріптестер Жезқазған қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Лайла Алькебаева, “Жезқазған қаласы әкімінің аппараты” ММ құқықтық қызмет көрсету бөлімінің заңгері Мадина Дүйсенбекқызы және қалалық прокуратура басқармасының басшысы Иманбай Еркебұлан бастауыш кәсіподақ ұйымдарындағы еңбеккерлердің әлеуметтік жағдайын тиімді жақсарту мақсатында кездесулер өткізді. Қойылған сұрақтарға, ұсыныстарға жіті мән берілді. Маман тапшылығы, жастардың қаладан кетуі сияқты өзекті проблемалар да көтерілді. Жұмыс тобының осы құрамына қала әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Акилбекова З.Ж., ішкі саясат бөлімінің басшысы Мырзабекова М.Б. қосылып, алдағы уақытта жұмыспен қамтуды, жұмыс орнындағы негізгі қағидаттар мен құқықтарды қамтамасыз ету мақсатында ашық диалог форматында жұмыстарды жалғастырмақ.