Жыл қорытындыланып, жаңа мақсаттар айқындалды
04.02.20222022 жылы 3 ақпан күні өткен «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің Үйлестіру кеңесінде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының 2021 жылы атқарған жұмыстары туралы филиал төрағасы Серік Елемесұлы Әуесханов есепті баяндамасын жасады.
Баяндамада кәсіподақтың ең негізгі жұмысы – бастауыш кәсіподақ ұйымдарын ашу екеніне тоқталып, өткен 2021 жылы жалпы 18 мекемеден бастауыш кәсіподақ ұйымдарын ашып, оған жалпы 623 адам кәсіподақ мүшелігіне тартылып, қысқа мерзім ішінде кәсіподақ ұйымының саны 40 мекемеге және оның кәсіподақ мүшесі 2244 адамға жеткені тілге тиек етті.
Кәсіподақтардың рөлі мен қызметі – еңбек қатынастарын реттеу кезінде айрықша көрініс табатынын айта келе, филиал құрамындағы 40 мекеменің барлығында немесе 100% ұжымдық шарт жасалып, олар Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан тіркеуден өткенін, мекемелерде жазатайым оқиғалары орын алмағандығын, оларда жалақы қарыздары жоқтығын және әлеуметтік шиеленіс туу мүмкін мекемелер жоқ екенін баяндап өтті.
«Nur Otan» Партиясының Шымкент қалалық филиалымен өзара ынтымақтастықты нығайтуға арналған Меморандумға қол қойылып, оның орындалуы бойынша жұмыстар жүргізілген.
Шымкент қалалық Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша (үш жақты) комиссиясына еңбек қатынастарын реттеу бойынша ұтымды ұсыныстар енгізілген.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «2021 жыл – бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жылы» деп жариялауына байланысты «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында филиалмен бастауыш кәсіподақ ұйымдарында 66 кездесу өткізіліп, оған 4485 адам қамтылған.
Республикалық «Үздік бастауыш кәсіподақ ұйымы» байқауына филиал құрамындағы Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бастауыш кәсіподақ ұйымы қатысып, Шымкент қалалық байқауының жеңімпазы және «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің салалық деңгейдегі жеңімпазы деп танылып, бастауыш кәсіподақ ұйымына арнайы дипломдар, сыйлықтар тапсырылған.
Алдағы жылы да табысты еңбек ету жұмыстары жалғасатын болады.