Күшіміз бірлікте. БІРЛІК! ӘДІЛЕТТІЛІК! ДАМУ!
13.01.2022Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаевтың Парламент мәжілісінің отырысындағы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жаңа бастамаларын біз кәсіподақ өкілдері құптаймыз.
Өйткені,ҚРКФ «Бірлік.Әділеттілік.Даму» қағидасын берік ұстанған еліміздегі ірі қоғамдық институтының бірегейі ретінде әрдайым өз даму Стратегияларында қарапайым еңбек адамының әлеуетін арттыруға, құқықтарын қорғауға белсенді ат салысып келеді. Осы орайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Әлеуметтік кодекс дайындау жөніндегі ұсынысын біздер – кәсіподақтар халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған маңызды құжат ретінде зор сеніммен қабылдадық.
7 қаңтарда ҚРКФ елде қалыптасқан жағдайға байланысты Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа жолдаған Үндеуінде Қазақстан халқының әл-ауқатын көтеру үшін еңбекақы төлеу жүйесін, еңбек және кәсіподақ заңдылықтарын жетілдіру арқылы еңбек етудің лайықты шарттарын, жұмыс орындарын сақтау және жаңа орындарды ашуды қамтамасыз ету, еңбек заңдылықтарын сақтауда мемлекеттік және қоғамдық бақылауды күшейту туралы ұсыныстарын жеткізген болатын. Осы ұсынытырамыздың жаңа Әлеуметтік кодексте шынайы көрініс табатынына сенімдіміз.
Биылғы жылды ҚРКФ «Әлеуметтік әріптестік жылы» деп жариялаған еді. Басты мақсат – қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты сақтап, жұмыс берушілер мен еңбеккерлер арасында әлеуметтік диалог орнату арқылы еңбек адамының лайықты өмір суру сапасын жақсарту. Біздің күшіміз – бірлікте!
Мұхтарита Сағындықова
«Қызмет » салалық кәсіподағы Ақтөбе ОФ төрайымы