Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы – «Қызмет» салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы кәсіподақ активіне мерекелік құрмет көрсетілді
17.12.2021Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай «ҚЫЗМЕТ» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері Салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалы кәсіподақ қозғалысының белсенді қатысушыларын салтанатты түрде де, жұмыс орындарына барып та құттықтауларын ұйымдастырды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Алғыс хатымен Лариса Харитонович – «Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Әлеуметтік төлемдерді тағайындау секторының меңгерушісі марапатталды.
«ҚЫЗМЕТ» Салалық кәсіподағының «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен (Төрағасы – Мірболат Жақыпов) келесілер марапатталды:
Бақтияр Айешов – Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары;
Александра Титаренко – «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ бас маманы;
Гаухар Оңғарбаева – Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маманы – мемлекеттік аудитор;
Жазира Қасымова – Шет ауданы «ШетКоммунСервис» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, бухгалтер.
«ҚЫЗМЕТ» Салалық кәсіподағының Құрмет грамоталарымен:
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлері:
Әсет Әбдікәрімов – бас маман;
Данияр Абдрахманов – бас маман;
Ирина Кершман – Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы;
Бақыт Шотов-бас маман.
Мадина Альбазарова – «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы, бас маман;
Қорлан Бекимова – әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның хатшысы;
Айнұр Апакашева – «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы;
Қаршыға Исина – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы және осы мекеменің кәсіподақ комитетінің мүшелері:
Гүлнұр Бейсеке – бас инспектор-заңгер;
Наталья Ешмағанбетова – аға әдіскер;
Әсия Сейілова -«Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті» РММ кәсіподақ комитетінің төрайымы бас маман-мемлекеттік аудитор және осы мемлекеттік мекеменің кәсіподақ комитетінің мүшелері:
Манар Талдыбаева – бас маман-мемлекеттік аудитор;
Жанерке Ысқақова – жетекші маман;
Ербол Бектемісов – «ШетКоммунСервис» ЖШС жүргізушісі.
«ҚЫЗМЕТ» Салалық кәсіподақ төрағасы Мірболат Жақыповтың Алғыс хатымен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары марапатталды:
Айгүл Көбелекова – «Қарағанды қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының орынбасары және
Сымбат Амангелдинова – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің бас маманы.
Қарағанды облысының Кәсіподақтар Орталығының төрағасы Болат Жұмабековтың Құрмет грамотасымен Шет ауданы Жарық кенті әкімінің орынбасары Темірхан Беркімбаевтың еңбегі атап өтілді.
«ҚЫЗМЕТ» Салалық кәсіподағының Қарағанды облыстық филиалының Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен (төрағаның міндетін атқарушы – Татьяна Шатохина) марапатталды:
Елена Бормотова және Эльмира Акашева – «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ;
Ерік Ахметов, Мөлдір Игібаева және Рамазан Жанар – «Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан атындағы аудан әкімінің аппараты» ММ:
Азамат Омаров, Азат Ахаев, Таңат Ермеков және Әнуар Абитаев – Шет ауданының «ШетКоммунСервис» ЖШС.