Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында «Қызмет» кәсіподақ ұйымының бірқатар өкілдері мемлекеттік наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапатталды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында «Қызмет» кәсіподақ ұйымының бірқатар өкілдері мемлекеттік наградалармен және мерейтойлық медальдармен марапатталды

14.12.2021 Off By Администрация сайта

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде ағымдағы жылдың 13 желтоқсанында «Қызмет» салалық кәсіподақ ұйымының төрағасы Мирболат Жақыпов «Қазақстан тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

Өз кезегінде М.Жақыпов салтанатты түрде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің кәсіподақ ұйымының белсенділерін марапаттады.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әни Әтенұлы Тілеубеков Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін» медалімен марапатталды.

«Қызмет»  салалық  кәсіподақ ұйымының Алғыс хатымен «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры Темірболат Бақытжан Берікбайұлы марапатталды.

Сонымен қатар, Президент аппараты кәсіподақ ұйымының бірқатар мүшелеріне Құрмет грамоталары және Алғыс хаттар табыс етілді.

Осы күні «Қызмет «мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Төрағасы Мирболат Жақыпов «Қызмет»салалық кәсіподағының бірқатар белсенділеріне мемлекеттік наградалар мен мерейтойлық медальдарды салтанатты түрде табыс етті.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін:

– «Құрмет»орденімен «Қызмет» салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары Нұрланов Атакозы Келденұлы;

– «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Қызмет» салалық кәсіподағының Ақмола облыстық филиалының төрағасы Бегалин Боранбай Қарпқалиұлы және Түркістан облыстық филиалының «Қызмет» кәсіподақ ұйымының төрағасы Күлдар Аралбекқызы Есебаева;

-«Шапағат» медалімен Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Сапожникова Клавдия Михайловна марапатталды.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Еңбек озаты» медалі марапатталғандар:

-Мұхаметжанова Г.М. – Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің «Аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ кәсіподақ мүшесі, директордың әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары;

-Дюсембаева Г.С. – «Қарағанды облысы Қарағанды қаласының No2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ кәсіподақ мүшесі, медбикесі;

-Жұматова А.А. – «Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің кәсіподақ мүшесі, бас маманы;

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтай жұмысы үшін» медалі:

– «Қызмет» салалық кәсіподақ төрағасының орынбасары А. Нұрлановқа және  Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары О.Қапароваға берілді.

 Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақ ардагерлері» медалімен Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары К.Сапожникова және Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Қ.Тужиулов марапатталды.

 «Қызмет» салалық кәсіподағы атынан «Кәсіподақ қайраткері» медалі Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің басқарма басшылары А.Өзбеков пен Н.Ботановқа берілді.

 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында саланың кәсіподақ көшбасшыларына барлығы 196 награда, оның ішінде 10 медаль, 12 төсбелгі, 111 құрмет грамотасы, 63 алғыс хат табыс етілді.