Мемлекеттік қызмет ардагерлері марапатталды
14.12.2021Бүгін Достық үйінде әр жылдары Тәуелсіз Қазақстан құрамында Павлодар облысының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан ардагерлер мен мемлекеттік қызметтің қазіргі қызметкерлерін «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапаттау өтті.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары О.П. Крук отыз төрт Мемлекеттік қызмет ардагеріне мерекелік медальдарды табыс етті.
Марапатталғандардың қатарында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Павлодар облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Қапенов пен кәсіподақ қозғалысының ардагері Нұрлан Ауталипов бар.