Тәуелсіздік мерекесі қарсаңындағы марапаттаулар жалғасуда
13.12.2021Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай, салтанатты құттықтау шарасы өткізілді.
Іс-шараны департмент басшысы Өнербаев Бахтияр Әлтайұлы ашып, құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің марапаттарын табыстады.
Кезекті құттықтау сөз «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлына берілді.
С.Әуесханов құттықтау сөз сөйлеп, департаменттің белсенді кәсіподақ мүшелеріне кәсіподақ наградаларын табыстады.
Атап айтқанда, «Еңбек озаты» төс белгісімен департаменттің персоналды басқару жөніндегі бас маманы Байбулова Шолпан Ерназарқызы және «Құрмет грамотасымен» департаменттің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Ефремова Людмила Викторовна марапатталды.