Мемлекеттік қызметшілер салауатты өмір салтын қолдайды

Мемлекеттік қызметшілер салауатты өмір салтын қолдайды

06.12.2021 Off By Администрация сайта

2021 жылдың 2-3 желтоқсаны күндері Тараз қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мемлекеттік қызметшілер арасында кіші футболдан облыстық турнирі өтті.

Турнирдің мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің уақыттарын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын насихаттау.

Турнирге барлығы 20 командадан 200-ге жуық мемлекеттік қызметшілер қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы жеңімпаз атанды. Мемлекеттік кірістер департаменті 2-ші орынды, Талас ауданының футболшылары 3-ші орынды иеленді.