Ел мұраты – Мәңгілік ел

Ел мұраты – Мәңгілік ел

06.12.2021 Off By Администрация сайта

2021 жылғы 3 желтоқсан күні Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған «Ел мұраты – Мәңгілік ел» атты іс-шарасы өткізілді.

Мекеме директорының қоғамдық жұмыстар жөніндегі орынбасары Әсел Әсетова бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы болып табылады. Ұйымдағы кәсіподақ мүшелерінің саны 150 адамға жуық.

Ұжым мүшелерін құттықтаған «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов өзіндік үлес қосып келе жатқан бірқатар кәсіподақ белсенділеріне филиал наградаларын табыстады.

Атап айтқанда, орталықтың әлеуметтік жұмыстар жөніндегі басшының орынбасары Әсел Әсетова, ваннашы-санитары Умилхайр Абдиева, аға медбикесі Күлзипа Қойбақова, «Құрмет грамоталарымен» және орталықтың вахтері Сидельникова Наталья, кір жуатын машинисті Китаева Любовь, әлеуметтік қызметкері Гүлдана Рүстемова «Алғыс хаттармен» марапатталды.