«Тәуелсіздіктің 30 жетістігі»
02.12.20212021 жылғы 2 желтоқсан күні Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» КММ-де орталықтың әкімшілігі мен бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай, «30 жылдың 30 жетістігі» атты іс-шарасын өткізді.
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнімен ашылды.
«30 жылдың 30 жетістігі» тақырыбында оқушылар мен тәрбиешілер өлең-тақпақтарын айтып, көріністер жасап, әрі қарай арнайы дайындалған ролик көрсетілді.
Алдымен орталықтың директоры Венера Нұржанованың алғы сөзінен кейін, «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесханов өз лебізін білдірді.
С.Әуесханов өз сөзінде Тәуелсіздік жылдарындағы мемлекетіміздің жеткен жетістіктеріне және оған кәсіподақтардың қосып жатқан өзіндік үлестерін атап өтіп, кәсіподақ белсенділеріне «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының атынан наградаларды табыстады.
Атап айтқанда, орталықтың директоры Венера Нұржанованы филиалдың «Еңбек озаты» төс белгісімен, орталықтың экономисі Мәншүк Ібінованы «Құрмет грамотасымен» және орталықтың қарауылы Тоқтар Назарбековты «Алғыс хатымен» марапаттады.
Сонымен бірге осы мерекеге орай, қандастарымызға кәсіпкерлерден арнайы сыйлықтар табысталды.
Аталған іс-шараға Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы «Көші-қон және қандастармен жұмыс» бөлімінің маманы Малика Мақсат, «Ізгілік қайырымдылық қоры» басшысының орынбасары Алтынбек Боранбеков және Шымкент қаласының кәсіпкерлері қатысты.
Іс-шараның соңы көркем өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.