Шығыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар орталығында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Шығыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар орталығында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

31.01.2020 Off By Администрация сайта

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар орталығында Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес барысында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының және оның филиалдарының ақпараттық саясат тұжырымдамасы ұсынылды, соған сәйкес 2020 жылға арналған кешенді іс-шаралар жоспары бекітілді. Оның жоспарлары 2020 жылы атап өтілетін үш маңызды даталарға арналған іс-шараларды әзірлеуді қамтиды: Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің мерейтойы, Абайдың 175 жылдығы және Шығыс Қазақстан облысы кәсіподақ қозғалысының 100 жылдығы.