Ақтөбе облысы әкімдігі мен «ҚР Кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі ынтымақтастық пен өзара әрекеттесу меморандумына қол қойды.

Ақтөбе облысы әкімдігі мен «ҚР Кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі ынтымақтастық пен өзара әрекеттесу меморандумына қол қойды.

20.12.2019 Off By Администрация сайта

20 желтоқсан күні Ақтөбеде ұйымдастырылған кәсіподақтардың рөлін күшейту, медицинадағы парасаттылық қағидаттарын өзектендіруге арналған
республикалық форум аясында облыс әкімі Оңдасын Оразалин ҚР кәсіподақтар Федерациясының Төрағасы Ералы Тоғжановпен кездесті.
«Жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы еңбек қатынастарының дұрыс болуын атқарушы орган ретінде қадағалап, заң аясында тұрғындардың әлеуметтік мәселесін шешуге ықпал жасаудамыз. Яғни, инвесторларға жағдай жасаумен қатар жұмысшылардың да әлеуметтік жағдайын көтеруді ұмыт қалдырмауымыз қажет»,-деді өңір басшысы.
Ералы Тоғжанов облыс әкіміне денсаулық сақтаудың өзекті міндеттерін шешуге бағытталған форумға ат салысқаны үшін алғысын білдіріп, федерация тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталды.
Бұдан соң, Ақтөбе облысы әкімдігі мен «ҚР Кәсіподақтар федерациясы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі ынтымақтастық пен өзара әрекеттесу меморандумына қол қойды. Облыс әкімі Ақтөбе облысының Батыс өңіріндегі өзге облыстарына қарағанда жалақы көлемінің төмендігін, түйіткілді шешу кәсіподақтың белсенділігіне де байланысты екенін айтты. Оңдасын Оразалин меморандумның атқарылатын жұмыстарға қарқынды серпін береріне сенім білдірді.