Кәсіподақ беделі нақты істермен көтеріледі.
18.11.2019Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының кәсіподақ ұйымында қызметкерлердің ынтымақ пен бірлігі арқасында бірқатар тындырымды істер атқарылуда. Жақында ғана Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастырылумен болған «Қазақстанның үздік әлуметтік жобалары» республикалық көрмесінде жүлделі екінші орынға осы ұжымның жобасы иеленді.
Орталық директоры Сыпабекова Р.М. қызметкерлерді осы жеңіспен құттықтай отырып, кәсіподақпен тығыз жұмыстың маңыздылығын тиек етті.
«Мемлекеттік,банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» Алматы қалалық филиалы төрайымы Д.Айнақұлова жиында қараша айында өткізілген шаралардың әлеуметтік тұрақтылықты қамтамассыз ету мақсатында өткізілгенін хабарлады. Оның дәлелі әлеуметтік қызметкерлер кәсіби мерекесін атап өтудегі өткізілген « Көктем» шипажайындағы демалыс шарасы. Алматы қалалық филиалының тікелей ұйымдастыруымен бұл күні Алатаудың бөктерінде орналасқан көрікті шипажайда қызметкерлер ән,би жарысына, «Қара жорға» биінен флэшмоб, сондай ақ волейболдан турнирге қатырысып, үлкен әсер алды. Қызығынан қиындығы көп салада жұмыс істеп жатқан саладағы қызметкерлер қалалық филиалдың тарту еткен шарасына алғысын айтып тарасты.
Сондай ақ филиал төрайымы Д.Айнақұлова осы ұжымда ашылуынан бері жұмыс істеп келе жатқан шаруашылық бөлімінің қызметкері үшінші топтың мүгедегі Бақытбек Сұлтановқа, паллиативтік көмек бөлімінің мейірбикесі Кунибекова Риммаға кәсіподақ атынан жеңілдікпен «Сарыағаш» шипажайына жолдамалар табыс етті.
« Біздің міндетіміз- кәсіподақтың нақты жұмысын көрсету арқылы, салалық кәсіподақтың беделін көтеру»- деді Д. Айнақұлова