15 қараша «Ұлттық вальюта – Теңге күні»
15.11.2019 Off By Администрация сайта15 қараша «Ұлттық вальюта – Теңге күні» және » Қаржыгерлер күні» мерекесіне қарсаңында Түркістан облысы Қазынашылық департаментінде салтанатты жиналыс өтті. Жиналысқа «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ -нің Түркістан облыстық филиалының төрайымы К.Есебаева арнайы шақырылды. 1993 жылы 12 қарашадағы Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен 15 қараша таңғы 8:00 -ден бастап төл теңгеміз айналымға шығып, ел мәре-сәре болып қуанып жатты. Ұйқысыз 7 күн ауыстырдық деп,-еске алады сол кезде Созақ ауданында қызмет атқарған К. Жакыпбекова. Мерекеге арналған жиын марапатқа жалғасып К.Есебаева Қаржыгерлерді облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамоталарымен, Л.Шөкеева Қаржы
Министрлігінің Құрмет грамоталарын табыс етті.