Шымкент қалалық мемлекеттік архивінде «Тарих ел аузында» атты жиын өтті
27.09.2019 Off By Администрация сайта«Еңбек күні» және «Кәсіподақтар күні» ерекесіне орай Шымкент қалалық мемлекеттік архивінде «Тарих ел аузында» атты жиын өтті. Жиынға «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалы және Шымкент қалалық филиалының төрайымы К.А.Есебаева арнайы шақырылды. Жиында аталған тақырып бойынша мекеме басшысы Айпар Шажалықызы мұрағат қорын жинау және мұрағат құжаттарын пайдалану туралы баяндама жасады.
Мұрағаттар кеңестік дәуірде Коммунистік партияның мүддесіне қызмет атқарғаны белгілі. Бүгінде мұрағат құжаттарын кез келген пайдаланушы өз мақсатына ашық пайдалана алады, мемлекеттің аса құпия мағлұматтары ғана, оның қауіпсіздігін қорғау мақсатында пайдалануға шек қойылғанын айтты. Сонымен қатар бүгінгі күн ертеңгі күнге тарих екенін, кәсіподақ саласында қызмет атқарған азаматтардың құжаттарын жинауға көмектесуге өтініш білдірді. Өз сөзінде: К.А.Есебаева көмек көрсетуге дайын екендігін жеткізіп, еліміздің өсіп- өркендеуіне еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыс айтып, бірқатар азаматтарды мерекемен құттықтады.