«Еңбек қатынастарын реттеудегі кәсіподақтардың рөлі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел
10.09.2019 Off By Администрация сайта«Кәсіподақтар күні» мерекесіне арналған айлық іс-шара жоспарына сәйкес, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық және Шымкент қалалық филиалы 10 қазан – «Қазақстан Кәсіподақтары күні» мерекесі қарсаңында «Еңбек қатынастарын реттеудегі кәсіподақтардың рөлі» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге кәсіподақ ардагерлері және бастауыш кәсіподақ комитеттерінің басшылары қатысты. Аталған жиында филиал төрайымы К.Есебаева «Еңбек қатынастарын реттеудегі кәсіподақтардың рөлі» тақырыбында және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Б.Бекжанов «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының жаңғыру жол картасын жүзеге асыру туралы» хабарламалар жасады.
Дөңгелек үстелде Сарыағаш аудандық комитеттің төрағасы Ш.Ешанкулов «Кәсіподақ – жаңару мен жаңғыру жолында» және Мақтарал аудандық комитеттің төрағасы К.Хаметов «Кәсіподақ – кеше және бүгін» тақырыптарында сөз қозғады.
Ардагер Досыбай Шерімқұлов бірқатар ойларымен бөлісіп, кәсіподақ активіне алғысын білдірді. Шымкент қаласындағы Өмірбек Жолдасбеков атындағы мектеп – лицейдің 11 сынып оқушысы Аделя Өмірбекова:
Кәсіподақ қызметкерлеріне арнап
Кәсіподақ еңбекші адамның жүрегі,
Бастауыш ұйым тірегі,
Жұмысын сүйіп, атқаратын адамдар,
Әр ауданға нақты істелген қадамдар.
Еңбек құқығын қорғайтын,
Әр адамды, бар құрметпен сыйлайтын,
Әрқайсысына ақыл-кеңес беретін,
Қол ұштарын созып мәңгі жүретін,
Жүректері жылуға толы адамдар,
Бар Жақсылыққа лайықты бұл пәк жандар.
деген өлең шумақтарымен өз құттықтауын жеткізді.
Жиын соңында дөңгелек үстелге арнайы шақырылған кәсіподақ ардагерлеріді гүл шоқтарымен сыйлады.