Салалық кәсіподағы мен «Әділет лигасы»Заң кеңесшілер палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандум
29.08.2019 Off By Администрация сайта«Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі және «Әділет лигасы» заң Кеңесшілер Палатасы 2019 жылы 29 тамызда өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Меморандумның мәні «Мемлекеттік, банк мекемелер және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі мен оның бөлімшелері мүшелерінің бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру саласындағы заң көмегі болып табылады.
Тараптар заң көмегін көрсету және ақпарат беруге, заң сауаттылығын арттыруға бағытталған баспа материалдарын дайындау, жариялау, орналастыру, сондай-ақ Қоғамдық Бірлестіктің кәсіподақ мүшелерінің және оның бөлімшелерінің ел аймақтарындағы бұзылған құқықтарын қорғау және қалпына келтіру саласындағы халыққа консультациялар беру саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара қызығушылық пен келісім білдірді.