Шымкент қалалық әкімдігінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсетін аумақтық қалалық орталығы » КММ бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды
23.07.2019Шымкент қалалық әкімдігінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсетін аумақтық қалалық орталығы » коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды. Кәсіподақ төрайымы болып Косалиева Перизат Еркімбайқызы сайланды. «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Шымкент қалалық филиалы жаңа кәсіподақ ұйымымен, 133 кәсіподақ мүшесімен толықты.