Шымкент қаласының Мемлекеттік мұрағатының қызметкерлерімен кездесу
04.06.2019«Мемлекеттік, банк және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалы және Шымкент қалалық филиалының төрайымы, әрі ҚР Президенттігіне үміткер А.С.Таспиxовтың сенімді өкілі К.А.Есебаева насиxат жұмыстарын жүргізу үшін Шымкент қалалық Мемлекеттік арxивінің кызметкерлерімен кездесті. Үміткер А.Таспиxовтың неге сайлауға түсіп жатқандығы, сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен және өмірбаянымен таныстырды. Мекеме басшысы Айжамал Амангелдиева үміткердің бағдарламасының бағыттарына тоқталып, әсіресе «бюджеттік сала қызметкерлерінің базалық еңбекақысын төменгі еңбекақы мөлшеріне дейін жеткізу жене барлық жұмыскерлердің еңбекақысын көтеру; жоғары білімді тегін алу; еңбек қауіпсіздігін жақсарту үшін жасалынатын жұмыстар таңертең жұмысқа кетіп оралмағаннан асқан қасірет бар ма, еңбек ақыңды алып аман-есен отбасына оралу -сол бақыт.- деп, кәсіподақ жұмыстарына сәттілік тілеп, 9 маусым күні барлығымыз да өз таңдауымызды жасайық, немқұрайлықтан аулақ болып, балаларымыздың болашағына, еліміздің гүлденуіне жұмыс жасайық. Ол үшін сайлауға түгел қатысуға шакырды.