Алматы қаласында Скандинавиялық жүріс бойынша іс-шара ұйымдастырылды
02.06.20192019 жылы 2 маусымда Алматы қаласы ҚР Тұңғыш Президентінің саябағында мемлекеттік қызметшілер салалық кәсіподағының Алматы қалалық филиалының қалалық сайлауалды штабымен бірлесіп Скандинавиялық жүріс бойынша іс-шара ұйымдастырды. Скандинавиялық жүріс-дене жаттығуларының түрі, модификацияланған шаңғы таяқшалары бар таза ауада серуендеу.
Дене жаттығуларының бұл түрі жалпы денеге жағымды әсер етеді, оны нығайтады.
Алматы қалалық филиалының төрайымы Д.М. Айнакулова өз сөзінде кәсіподақ әрқашан денсаулық және салауатты өмір салтын белсенді насихаттауда А.С. Таспиховтың кандидатурасын қолдап, кәсіподақ атынан кандидатқа дауыс беруге шақырды.
Скандинавиялық жүріс бойынша сертификатталған нұсқаушы Ларионова қатысушыларға шеберлік сыныбы мен оқыту жүргізді.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат А.С. Таспиховтың үгіт-насихат бағдарламасы аясында өтті.