ҚР Президенттігіне кандидат А.С. Таспиховты қолдау жөнінде «Павлодар қаласының қайырымдылық үйі» КМК-де еңбек ұжымымен кездесу
30.05.20192019 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Аманкелді Сатыпалдыұлы Таспиховты қолдау жөнінде «Павлодар қаласының қайырымдылық үйі» КМК-де еңбек ұжымымен кездесу өтті. Кездесу барысында кандидаттың сенімді өкілі – «Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-ің маманы Сәбина Мақсатқызы Сейілғазина қатысушыларды Амангелді Таспиховтың өмірбаянымен таныстырды және Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткердің Сайлауалды платформасының негізгі бағыттары мен Бағдарламасы туралы айтып өтті.