Шардара ауданы Шардара қаласында  ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың қоғамдық штабы ашылған

Шардара ауданы Шардара қаласында ҚР Президенттігіне кандидат А.Таспиховтың қоғамдық штабы ашылған

28.05.2019 Off By Администрация сайта

Алдағы Президент сайлауында кәсіподақ ұйымының атынан түсетін А.Таспиховтың кандидаттығын қолдау үшін аудандық қоғамдық штаб құрылды. Сайлау алдындағы штаб басшысы қызметі Шардара ауданының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіподағының Шардара аудандық филиалының төрайымы Биманова Баxыткулге берілді. Тарихи сайлау науқанының жұмысын ауданда белсенді ұйымдастыру мақсатында кандидат А.Таспиховтың Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша қоғамдық штабының басшысы орынбасары Серік Ауесxанов, Есебаева Кулдар, Батырбеков Ерқозы бастаған белсенді топ арнайы жиын өткізді. Шарада да құрылған қоғамдық штабтың негізгі міндетіне тоқталып, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат А. Таспиховты сайлау науқаны кезінде қолдап, оның сайлау алдындағы бағдарламасын түсіндіру бойынша насихат жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Бұдан бөлек штаб құрылымында Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істеп, онда кандидаттың сенімді өкілдері азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды.