Алматы қалалық филиалының Республикалық жедел-құтқару жасағында Амангелді Таспиховты қолдау мақсатында кездесу өтті

Алматы қалалық филиалының Республикалық жедел-құтқару жасағында Амангелді Таспиховты қолдау мақсатында кездесу өтті

24.05.2019 Off By Администрация сайта

Мемлекеттік және банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының Алматы қалалық филиалы Республикалық жедел-құтқару жасағында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат А. С. Таспиховты қолдау мақсатында кездесу өткізді. Кәсіподақтың сайлауға қатысуы – қызметкерлердің мүдделерін қорғау болып табылады.
А. С. Таспиховтың сайлауалды бағдарламасы еңбек адамын қорғауға бағытталған. Сол себепті кәсіподақ президенттікке үміткер А. С. Таспиховқа қолдау көрсетпек. Төрайым Д. М. Айнақұлова сайлаудың ел тағдырында маңызы жоғары және мемлекеттің болашағы ҚР әрбір азаматының қолында екенін айта отырып, кандидаттың өмірбаянымен таныстырды. Сондай-ақ, А. С. Таспихов шешетін және назар аударатын нақты мәселелер мен міндеттер туралы айтылды:
• әділетсіз жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту;
• еңбек жағдайларындағы қауіпсіздік;
• қызметкерлерді еңбек құқықтарымен қамтамасыз ету;
• лайықты еңбекақы.
РЖҚЖ ұжымы аса қауіпті мамандық иелерінің құқығын қорғау туралы мәселені көтерді. Барлық сұрақтарға тыңдаушылар оңды жауабын алды.