Қостанай облысында үгіт-насихат жұмысы

Қостанай облысында үгіт-насихат жұмысы

23.05.2019 Off By Администрация сайта

Қостанай облыстық филиалының төрағасы А. М. Досекенов өз сөзінде қатысушыларға кандидаттың еңбек және қоғамдық қызметі туралы, қызметкерлердің еңбек құқықтарын, еңбек жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жосықсыз жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейтуге және еңбек көші-қонын реттеуге бағытталған оның сайлау алдындағы бағдарламасы туралы баяндады. Сондай-ақ, ҚОФ қызметі, салалық кәсіподақтың аймақтық серіктестері туралы айтып, кәсіподақ қозғалысын дамыту үшін қолдау көрсеткені және белсенді жұмысы үшін барлығына алғысын білдірді.