Павлодар облысының «Мүгедектер мен қарт адамдарды әлеуметтік қалпына келтіру облыстық орталығы» КМК жұмысшыларымен және қызмет қабылдаушылармен кездесу

Павлодар облысының «Мүгедектер мен қарт адамдарды әлеуметтік қалпына келтіру облыстық орталығы» КМК жұмысшыларымен және қызмет қабылдаушылармен кездесу

16.05.2019 Off By Администрация сайта

Ағымдағы жылғы 16 мамырда Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Амангелді Сатыбалдұлы Таспиховтың сенімді өкілі – «Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Нұрлан Қабікенұлы Әутәліпов «Мүгедектер мен қарт адамдарды әлеуметтік қалпына келтіру облыстық орталығы» КМК жұмысшыларымен және қызмет қабылдаушылармен кездесу өткізді. Кездесу барысында Нұрлан Әутәліпов қатысушыларды А.С. Таспиховтың өмірбаянымен таныстырды және Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткердің Сайлауалды платформасының негізгі бағыттары мен Бағдарламасы туралы айтып өтті.
Сөз соңында Нұрлан Қабікенұлы кездесуге қатысушыларды 9 маусым күні мекенжайлары бойынша сайлау учаскелеріне барып Қазақстан Республикасы Кәсіподақтарының атынан Президенттікке кандидат А. С. Таспиховқа дауыс беруге шақырды.
Президенттікке үміткер А. С Таспиховты қолдайтынын білдіріп Павлодар ауданының еңбек ардгері – «Мүгедектер мен қарт адамдарды әлеуметтік қалпына келтіру облыстық орталығы» КМК-ің қызмет қабылдаушысы Чуланова Нина Аскеновна жауап сөз айта отырып Н. Әутәліповке Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткер туралы ақпарат бергені үшін алғысын білдірді.