Сайлаушылармен кездесу

Сайлаушылармен кездесу

13.05.2019 Off By Администрация сайта

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат А. С. Таспиховты сайлау жөніндегі Шығыс Қазақстан өңірлік штабы 2019 жылғы 13 мамырда өз жұмысын бастады.
Сайлау алдындағы науқанның бекітілген желілік кестесіне сәйкес Өскемен қаласының Ана мен бала орталығы қызметкерлерінің ұжымымен кездесу ұйымдастырылды.
Қызметкерлер ұжымының алдында «SENIM «Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» РҚБ ШҚ облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ш. С. Бихожаева сөз сөйледі, ол Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы, Республикалық қоғамдық бірлестік ретінде, алғаш рет Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына А. С. Таспиховтың кандидатурасын ұсынды.
Кандидаттың сенімді тұлғасы – «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ ШҚ облыстық филиалының төрайымы С. Т. Самарханова ұжымға кандидат А. С. Таспиховтың бағдарламасы, ҚР Президенттігіне кандидат А. С. Таспиховтың Сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттары туралы ақпарат берді.
Бұл кездесуге 100-ден астам адам қатысты.
Кездесуге қатысушылар үміткердің өмір жолы, еңбек қызметі және сайлау алдындағы бағдарламасының негізгі бағыттары туралы сөз сөйлеушілерді үлкен қызығушылықпен тыңдады.