Павлодар қаласындағы «Көрші» іс-шарасы
11.04.20192019 жылғы 11 сәуірде «Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ және Павлодар қаласының «Жастар мен балалардың спорт орталығы» КМК бірлесе отырып Торыайғыров көшесінде орналасқан №№ 24, 26, 28 үйлердің аулаларында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық «Көрші» жобасын іске асыру бойынша шара өткізді.
Шараға жас отбасылар, № 28 мектептің ұжымы мен оқушылары және жақын орналасқан үйлердің тұрғындары қатысты.
Шараның басты мақсаты – жас отбасылар мен аула тұрғындарын «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға тарту, «Көршілер» арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас жөніндегі салтымызды қайта жаңғырту және аула тұрғындарының бос уақытын тиімді де қызықты өткізуін ұйымдастыру.
Балалар «Асық ату», «Бәйге», «Арқан тартыс», «Күміс алу», «Орныңды тап», «Тақия тастамақ» және «Көрші менікі» секілді қазақи ұлттық ойындардағы өздерінің шеберліктерін көрсетті.
Шара соңында барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды.