Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы ауылдық әкімдіктерінің қызметкерлерімен кездесу

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы ауылдық әкімдіктерінің қызметкерлерімен кездесу

09.04.2019 Off By Администрация сайта

2019 жылғы 9 сәуірде «Мемлекеттік, банктік мекемелер және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы С. Т. Самарханова Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының мемлекеттік органдарының басшыларымен, дербес бөлімдердің өкілдерімен және ауылдық әкімдіктердің қызметкерлерімен кездесті . Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Жанна Асқарова да қатысты.

Кездесудің мақсаты салалық кәсіподақтың қызметі туралы, сала қызметкерлерінің құқықтарын қорғау және мемлекеттік қызметшілердің беделін көтеру бойынша іс-қимылдарын біріктіру және бірлікті нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат болды.