Наурыз мейрамы
22.03.2019«Мемлекеттік, банктік мекемелер және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ жұмыс жоспарына сәйкес Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған іс-шараларды өткізу көзделген.
Осыған байланысты барлық облыстық филиалдарда және жергілікті кәсіподақтарда мерекеге арналған салтанатты, спорттық іс-шаралар, сенбіліктер, конкурстар мен концерттер өтті. Мереке орындары ұлттық дәстүрлерге сәйкес безендіріліп, ұлттық тағамдар мен сусындармен дастархан жайылды. Кәсіподақ мүшелері халық әндері мен билерін орындады. Сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүрлер көрсетіліп, арқан тарту, гір көтеру және т. б. ұлттық жарыстар өткізілді. Наурыз мерекесіне орай кәсіподақ мүшелері арасында ұлттық және интеллектуалды ойындар (асық ату, дартс, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ) өткізілді. Іс-шара соңында кәсіподақ атынан жарыс жеңімпаздары мен қатысушыларына құрмет грамоталары, бағалы сыйлықтар табыс етілді, сондай-ақ кәсіподақ мүшелеріне мерекелік дастархан жайылды.
Сонымен қатар, көп балалы отбасыларға, мемлекеттік қызмет және кәсіподақ ардагерлеріне, моральдық және материалдық көмекке мұқтаждарға ерекше көңіл бөлінді. Олар үшін облыстық филиалдармен мерекелік дастархан жайылып, бағалы сыйлықтар, құрмет грамоталары табысталды, қайырымдылық көмек көрсетілді.