Павлодар жергілікті кәсіподағының төрағасы мен «Павлодар облысы әкімінің аппараты» ММ-нің Әдеп жөніндегі Уәкілі кездесулері аяқталды
18.03.2019«Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-нің төрағасы Н. Қ. Әутәліпов пен «Павлодар облысы әкімінің аппараты» ММ-нің Әдеп жөніндегі Уәкілі Ю. В. Фельдманның қалалар мен аудандардың активтерімен есептік кездесулері аяқталды.
Ағымдағы жылғы 11 – 18 наурыз аралығында Н. Қ. Әутәліпов пен Ю. В. Фельдман Екібастұз, Ақсу қалалары мен Ақтоғай, Железин, Ертіс, Май, Баянауыл, Павлодар Тереңкөл, Аққулы, аудандарында аудандарына жұмыс сапарымен болып қайтты. Кездесуде «Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-нің 2018 жылғы атқарған жұмыстары жайында және облыс әкімдігімен жасалынған Келісімді, облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі өкілімен жасалынған Меморандумды, сонымен қатар «Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Павлодар облысы бойынша Департаменті» РММ-мен жасалынған Келісімді бірлесіп іске асыру барысы туралы ақпарат берілді.
Кездесу барысында «Нұр Отан» Партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2019 жылғы 27 ақпандағы «Нұр Отан» Партиясының XVIII Съезінде берген тапсырмалары бойынша түсініктемелер берілді.
Кездесу соңында жеке мәселелер бойынша қабылдаулар жүргізді.