Өзін-өзі басқару күні
15.03.20192019 жылғы 15 наурызда Павлодар облысында жастар жылына орай және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша Департаменті» РММ мен «Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі арасындағы 2019-2021 жылдарға арналған әлеуметтік ынтымақтастық туралы Келісімді орындау ачсында «Өзін-өзі басқару күні» акциясы өткізілді.
Жастар арасында мемлекеттік қызметтің тартымдылығын және мекемелердің ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралармен және олардың күнделікті қызметімен танысу осы іс-шараның басты мақсаты болып табылады