«Нұр Отан» партиясының Павлодар облыстық филиалымен Меморандумға қол қою
14.03.20192019 жылғы 14 наурызда Нұр Отан» Партиясының Павлодар облыстық филиалының ұжымы жиналысында «Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-нің құрамында бастауыш кәсіподақ ұйымын құру туралы шешім қабылданды. Бастуыш кәсіподақ ұйымының төрағасы сайланды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын, 2018 жылғы 18 сәуірдегі «НұрОтан» Партиясы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы арасындағы Меморандумды және Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «НұрОтан» Партиясының XVIII Съезінде берген тапсырмаларын іске асыру аясында «НұрОтан» Партиясы Павлодар облыстық филиалы және «Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ 2019-2021 жылдарға арналған Әлеуметтік ынтымақтастық туралы Меморандум жасасты.
Меморандумның мақсаты:Қазақстан Республикасы Президентінің ең басты құндылық адам болып табылатын әлеуметтік мемлекет құруға бағытталған ауқымды институционалдық реформаларын жетілдірудегі және іске асырудағы мемлекеттік бағдарын қолдау.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзушылықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, еңбек ұжымдарында бастауыш партиялық және кәсіподақтық ұйымдардың беделін арттыру.
«Нұр Отан» Партиясының төрағасы, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2019 жылғы 27 ақпандағы «Нұр Отан» Партиясының XVIII Съезінде берген тапсырмаларын түсіндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуболып табылады.