8 наурыз Халықаралық әйелдер күні облыстық филиалдарда

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні облыстық филиалдарда

11.03.2019 Off By Администрация сайта

«Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» ҚБ жұмыс жоспарына сәйкес барлық облыстық филиалдарда және жергілікті кәсіподақтарда 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеуге арналған салтанатты іс-шаралар өтті. Аталған іс-шараның мақсаты-кәсіподақ мүшелерінің ерекше көзге түскен әйелдерін атап өту, сондай-ақ кәсіподақ қозғалысының ардагерлеріне құрмет көрсету.

Облыстық филиалдармен, Астана және Алматы қалаларының қалалық филиалдарымен, Семей аумақтық және Жезқазған аймақтық филиалдарымен      8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында кәсіподақ мүшелеріне, көп балалы және жалғыз басты аналарға құттықтау сыйлықтары, гүлдер, сыйлықтар, материалдық көмек берілді, салтанатты, қайырымдылық іс-шаралар, конференциялар, концерттер, конкурстар және т.б. өткізілді. Мерекеге арналған дастархан жайылды.

Салтанатты іс-шараларда кәсіподақ ардагерлеріне ерекше көңіл бөлінді, оларға гүлдер, бағалы сыйлықтар және материалдық көмек берілді, кәсіподақ активтеріне қызметтік, отбасылық өмірде, лайықты ұрпақты тәрбиелеуде ерекше көзге түскен. 

Жоғарыда көрсетілген барлық іс-шаралар «Қазақстан Кәсіподағы» газетінде, әлеуметтік желілер (фейсбук, инстаграм) беттерінде және облыстық филиалдардың сайттарында жарияланды.