2019 жылғы 28 ақпанда Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағының Төралқасы өтті
28.02.2019Төралқа отырысында кәсіподақ жұмысының қорытындысы шығарылды. Сонымен қатар, 2019 жылға арналған кәсіподақ бюджеті бекітілді, Шымкент қаласы мен Түркістан облысында филиалдарды құру бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат тыңдалды, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» ҚБ наградалары туралы» ереже бекітілді.
Президиум отырысының соңында салалық кәсіподағының Төрағасы Жақыпов Мирболат Хабиұлы Мемлекеттік қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының медалімен марапатталды.